Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Орманшыларға жаңа техникалар берілді

Орманшыларға жаңа техникалар берілді
Ашық дереккөз
Аймақта орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда.

Облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 15 мекеме жұмыс істейді. Биыл аталған мекемелерге қажетті техникаларды алу үшін 280 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде 3 трактор, 3 кіші өрт сөндіру автокөлігі, 10 патрульдік автокөлік, 10 соқа, 8 дискілі тырма және тағы басқа қажетті агрегаттар алынды.

Өткен жылы мекемелер 9 трактор, 7 автокөлік, 10 өрт сөндіру мотопомпасы, 4 дисклі тырма және 40 мобильді рациямен қамтылды.Айта кетейік, облыста 4 миллион 414 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар. Оның 2 миллион 357 мың гектары орман ағаштарымен көмкерілген. Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 
30,8 пайызын алып жатыр.

Қазіргі таңда ормандарды молайту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес соңғы үш жылда орман қорына 67,2 миллион ағаш егілді. Атап айтқанда, 2021 жылы – 7 300 гектарға 10 563, 2022 жылы – 13 660 гектарға 24 500, 2023 жылы – 18 812 гектарға 32 218 қарағаш және сексеуілдің көшеттері егіліп, тұқымы себілді.Биыл 4 728 гектар алқапқа 13 387 қарағаш және сексеуіл екпесі отырғызылды.

Облыс әкімінің 
баспасөз қызметі

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар