Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыс әкімі Олимпиада чемпионы Сметовтың отбасына Құрмет көрсетті

Облыс әкімі Олимпиада чемпионы Сметовтың отбасына Құрмет көрсетті
Алтынбек Қартабай
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсетті.

– Елдос – ел сенімін ақтап, барша қазақстандықтардың, жанкүйерлерінің мерейін асырды. Әулиеата жұртының абыройын асқақтатты. Даңқты спортшы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың аңсаған арманын орындап, жеңісін 44 жылдан кейін қайталады.
«Алып анадан туады» деген қазақта аталы сөз бар. Елдостың елдің баласы атанып, байрақты бәсекелерде топ жаруына ата-анасының сіңірген еңбегі, тәлім-тәрбиесі, жанұясының қолдауы зор, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев чемпион ұлды тәрбиелеп, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар