Ең қызықты кезең ғой...
Студентпіз, автобуспен жүретін,
Балаға ұқсап, ойын ойнап, күлетін.
Қарны қанша ашқанымен білдірмей,
Мың теңгемен он күн өмір сүретін.
Шаршамастан жұмыс істеп түнімен,
Сұп-сұлулар бірі өтер бірінен.
Еркін жүріп, аралаймыз қаланы,
Босанғандай байлап қойған жібінен.
Аз болады жатақхана қызығы,
Арамызда бар адамның бұзығы.
Қанша жерден шулатсақ та ортаны,
Түзу болсын біздік өмір сызығы.
Естісек те ректор, декан ұрысын,
Айтар олар біз үшін деп дұрысын.
Студент шақ ең қызықты кезең ғой,
Ұмытпаймыз суығы мен жылысын.
Темірбек СЕРІЖАН, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті
Келесі мақала