Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әулиеаталықтар Атырауға гуманитарлық көмек жіберді

Әулиеаталықтар Атырауға гуманитарлық көмек жіберді
Ашық дереккөз
Кеше әулиеаталықтар қызыл сумен арпалысып жатқан Атырау қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Облыстық прокуратура ұйымдастырған іс-шараға облыс әкімдігі де қолдау көрсеткен.

Қайырымдылық іс-шарасы аясында атыраулықтарға жіберілген 500 құрылыс киімі, 200 матрас пен 180 төсек жабындысын дайындауға пробация қызметкерлері де атсалысқан. Бұл туралы облыс әкімдігі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Нұрбол Тоқтыбаев айтты.

– Атырау облысын қарғын су алғанда сәуір айында облысымыздан 107 арнайы техника жөнелткен едік. Арнайы техника 2 айға жуық дамбыларды қоршау, бекіту жұмыстарын атқарды. Бүгін екінші мәрте көмек жібергелі отырмыз. Жүк көлігіне тиелген жабдықтардың барлығы пробация есебінде тұрған 10 адамның көмегімен дайындалды. Демеушілер тарапынан 10 миллион теңге бөлінді. Оның 5 миллион теңгесі арнайы Атырау қаласына жұмсалды, – деді Н.Тоқтыбаев.


Жұмыссыз жүрген пробация есебіндегі әйелдер де өздеріне жұмыс табылғандарына қуанышты екендігін жасырмады.

– Алғашында жұмыс таппай біраз қиналдым. Бірақ пробация қызметкерлері тігінші ретінде жұмысқа орналасуыма мүмкіндік берді. Тігін тіге алмайтыныма қарамастан жұмысқа орналастым. Мұнда бізге жұмыс барысын таныстырып, барлығын толық үйретті. Жұмыс таңғы сағат 9:00-ден басталып, кешкі 18:00-де аяқталады. Күнде 10-ға жуық киім тігеміз. Қазіргі таңда құрылысшыларға арналған төсек жабдықтарын тігудеміз, – дейді пробация есебіндегі Әсем Иссафина. 


Айта кету керек, келесі аптада Батыс Қазақстан облысына да жамбылдықтар гуманитарлық көмек жібермек.

А.Болатқызы
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар