Елімізде автокөліктерге арналған мұздатпайтын шыны жуғыш өндіріле бастады
- author AR-AY
- 10 шілде, 2024
- 183
Технологияны «Tekhno_Company_2022» ЖШС мамандары әзірледі.Мамандардың айтуынша, этиленгликоль/су қоспасы негізгі сұйықтық ретінде, ал нанофидті алу үшін нанобөлшектер ретінде силикагель таңдалады. Жұмыс барысында силикагель қоспаларының базалық сұйықтықтың қату температурасына әсерін бағалау жүргізілді және этиленгликоль/су базалық сұйықтығына силикагель нанобөлшектерінің шамалы қоспалары олардағы спирт құрамын тиісінше -20 °С, -30°С және -40°С қату температуралары үшін 3,6%, 4,05% және 4,55% төмендетуге мүмкіндік беретіні анықталды.
Бұл өнімнің ерекшелігі көптеген аналогтардан асып түседі және қосылған құны жоғары, ҚР патентімен қорғалған.Шыны тазалағыштың сұйықтығында қауіпті метан және изопропил спирт қосылыстары жоқ, аллергия мен жағымсыз иістерді тудырмайды.
Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қорының қолдауымен, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылуда.