Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда су жаңа 15 автобус пайдалануға берілді

Таразда су жаңа 15 автобус пайдалануға берілді
gov.kz
Бүгін облыс орталығы – Тараз қаласында су жаңа 15 автобус пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-нің автобус жүргізушілеріне көлік кілттерін табыстады,деп хабарлайды arainfo.kz

– Қаладағы қоғамдық көліктердің паркін жаңарту және санын артыру жұмыстары қолға алынып, жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі жаңа автобустардың жеткізілуі – осының айқын көрінісі, – деген шаһар басшысы қаладағы автопарктер тұрғындарға сапалы қызмет көрсету қажеттігін тілге тиек етті.

 

Жалпы Тараз қаласында жолаушылар тасымалын жандандыру, жетілдіру және тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген болатын. Соған сәйкес жыл сайын қалаға 70 жаңа автобус жеткізу жоспарланған еді. Алайда биыл облыс орталығына бүгінгі күнге дейін 80 бірлік автобус жеткізіліп, жоспарлы меже артығымен орындалуда. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін қосымша 50 автобус алып келу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту үшін өткен жылы Тараз қаласына 73 жаңа автобус жеткізілген болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар