Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздағы «Тектұрмас» кешені тамшылатып суғарылып жатыр

Тараздағы «Тектұрмас» кешені тамшылатып суғарылып жатыр
Қазір суару жүйесіне арналған 16 мың метр су құбырлары алынды

Тараздағы «Тектұрмас» кешені тамшылатып суғарылып жатыр, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Тарихтың темірқазығы» атанған шаһарда туризм саласын ілгерілетуге бағытталған жоспарлы жұмыстар да тасада қалып жатқан жоқ. «Таза Қазақстан» акциясы аясында туристерді тарту мақсатында Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Кешенге жалпы 4500 қылқан жапырақты ағашты егу жоспарланып, оның 3500 егілген болатын. Бүгінде егілген ағаштарды және егілетін көгалды автоматты түрде тамшылатып суару жүйелеріне қосу жұмыстары жүргізілді. Қазір суару жүйесіне арналған 16 мың метр су құбырлары алынды. 

Бүгінде «Тектұрмыс» кешені аумағындағы «Көне қамал» нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, кешенде келушілерге жағдай жасау мақсатында ұлттық тағамдарды ұсынатын ұлттық асхана ашылатын болады.

Айталық, акция басталғаннан бері аймақта 1600-ден астам сенбілік өтіп, оған 214 мың адам қатысты. Жалпы 2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына 9,4 млрд теңге қарастырылған. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 99 мың аула қоқыстардан тазартылып, 9,7 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 49 субұрқақ іске қосылды. Акцияға аймақтағы еріктілер, жастар, тұрғындар да атсалысып жатыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар