Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Орман және дала өрттерінің алдын алу

Орман және дала өрттерінің алдын алу
Табиғи өрттердің белең алуының басым көпшілігі адамдардың абайсыздығынын және мәдениетсіздік әрекеттерінен кейде найзағайданда болады.

Ойланбай тасталған темекі тұқылы, сөнбей қалған от – осының барлығы орны толмас үлкен қайғыға соқтырады. Ең бастысы - табиғи өртті ескерту, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ұқыптылық. Сондықтан, табиғи өрттің алдын алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды орман дала өрттері болуының ең типтік себептері төмендегідей:
- сөндірілмеген шылым не сіріңке;
- аңшы атқан соң, тығын бықсып жана бастайды;
- механизатор орманда майланған материалды тастап кеткен, қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзып техникаға жанармай құйған, көліктің жанында шылым шеккен және т.б.;
- саяхатшылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөптің үстіне, кесілген қалдықтары бар ағаш кесетін жерде, ағаштың астында алау жаққан;
- орман алаңдарында шөпті немесе орманның жанындағы өрісте орылған егістің орнын жаққан;
- күн шұғыласы түсетін жерге тасталған шынының сынығы жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен жануы;

Егер Сіз, табиғи, орманды дала өртін немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірі  арқылы хабарласып, оны тоқтату үшін дереу шаралар қолдану керек, сонымен қатар мүмкіндік болса жақындағы елді мекенге немесе орман шаруашылығы мекемелеріне хабар беру қажет.

Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Респуликасының заңнамаларына, яғни Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық кодекстеріне сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылатындығын назарларыңызға ұсынамыз

 

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық  инспекциясы  жануарлар дүниесі аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Б.Жұмағұлов

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар