Испанияның «Реал Мадрид» клубы үшінші жыл қатарынан ең қымбат клубтар рейтингінде бірінші орынға шықты.
Forbes басылымның мәліметіне қарағанда, Мадрид қаласы клубының құны – 6,6 млрд доллар.
Биылғы маусымда клуб Испания чемпионы атанды. Енді ол Чемпиондар лигасының жеңімпазы атануы мүмкін. 1 маусымда финалда корольдік клуб Германияның Дортмунд қаласынының «Боруссия» клубымен ойнайды.
«Реал Мадрид» 1981 жылдан бері Чемпиондар лигасының финалында жеңілген емес.
Рейтингте екінші орында «Манчестер Юнайтед» клубы келеді. Бұл клубтың бюджеті 6,55 млрд доллар болып шықты. Қазір команданың Англия чемпионатындағы жағдайы мәз емес. Клуб 1990 жылдан бері ең нашар ойынын көрсетіп отыр. Соған қарамастан ағылшындардың жасағы рейтингтегі екінші орынды сақтап қалды.
Команда Англияның премьер-лигадамсында сегізінші орынға ие болды. Оның үстіне Еуропа кубогына жолдама алмады. Бірақ Англия кубогының финалында «Манчестер Ситиді» жеңсе, Еуропа лигасында ойнай алады.
Үшінші орынды осы маусымда бірде-бір жүлдеге алмаған «Барселона» (5,6 млрд доллар) сақтап қалды.
Сонымен бірге үздік ондықтан Англияның «Ливерпуль» (5,4 млрд доллар), «Манчестер Сити» (5,1 млрд доллар), Германияның «Бавария» (5 млрд доллар), Францияның «ПСЖ» (4,4 млрд доллар), Англияның «Тоттенхэм» (3,2 млрд доллар), «Челси» (3,1 млрд доллар), «Арсенал» (2,6 млрд доллар) клубтары орын алған.
Анықтама: «Реал Мадрид» клубы 1902 жылы 6 наурызда құрылған. «Сантьяго Бернабеу» стадионында ойнайды. Ол 85 044 орынға арналған. Клубтың президенті – Флорентино Перес.
«Реал Мадрид» клубы – Испанияның 35 дүркін чемпионы, Король кубогының 14 дүркін иегері. 12 рет Испания Суперкубогын, бір рет Лига кубогын, Чемпиондар лигасын 14 рет жеңіп алған. Оның ішінде Чемпиондар лигасы Еуропа чемпиондарының кубогы болып тұрғанда жарысты қатарынан бес рет, кейін қазіргітатауына ие болғанда қатарынан үш рет жеңімпаз атанған.