27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыу.
Су тасқыны болған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін «Жазғы мектеп» аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі беріліп отыр. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытудан өткен 832 мың оқушыны қамтиды деп жоспарланып отыр. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді, – деді Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Айта кетсек, «Жазғы мектепке» балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.
Өркениет тұтқасы - ғылымда
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық студент халықаралық BRICS чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- авторAR-AY
- 17 желтоқсан, 2025
Елімізде 2025 жылдың басынан бері 91 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
- авторAR-AY
- 8 желтоқсан, 2025




