59 млрд тенге: қазақстандықтардың зейнетақы шотына жұмыс берушілерден алғашқы жарналар түсті
- author AR-AY
- 15 мамыр, 2024
- 191
Бұл сома биыл алғаш рет енгізілген жаңа төлемнің – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының сомасы.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді. Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі. Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік Кодекстің 17-бабына сәйкес әрсалымшының барлық зейнетақы жарналарыныңесебін жүргізеді. Содан кейін ЖБМЗЖ сомасы үшжұмыс күннің ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шартты зейнетақы шоттарына аударылады.
ЖБМЗЖ-ның он пайыздық зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы - бұл сома қызметкердің меншігі болып есептелмейді, капиталдандырылмайды және мұра ретінде қалдырылмайды.
Шартты жинақтар - зейнетақы жүйесіндегі қосымша деңгей. Зейнетақының бір бөлігін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарынан алу үшін жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем болмау керек. Бұл ретте жинақталған ЖБМЗЖ-ның біржолғы төлем сомасы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспауы тиіс.