Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балалардың тәрбиесі бәрінен маңызды

Балалардың тәрбиесі бәрінен маңызды
ашық дереккөз
Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңға қол қойды.

 Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі Заңға енгі­зіл­ген түзе­тулерде 16 жасқа толмаған адам­дарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкер­шілік енгізілгендігі айтылды. 

Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев айтып берді.

– Кәмелетке толмаған балаларға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды. Педофилдің баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру, кәмелетке толмаған 16 жасқа дейінгі балаларды жыныстық қудалау үшін 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Сонымен қатар заңға енгізілген түзетулер өзіне қол жұмсағаны, өзін-өзі өлтіруге итермелегені немесе өзіне қол жұмсауға ықпал еткені үшін қылмыстық жауапкершілік – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру/шектеу, кәмелетке толмағанға қатысты – 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. 

Сонымен қатар заңда суицидті насихаттағаны үшін жаза енгізілген. Бұл үшін қылмыскерге 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Ал үгіт-насихат өз-өзiне қол жұмсауға оқталуға әкелсе, 1 жыл бас бостандығынан айыру, өз-өзiне қол жұмсауға алып келсе, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Бұл шара өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын көптеген сайттарды, арналарды, чаттарды заң жүзінде бұғаттап қана қоймай, олардың ұйымдастырушылары мен сыбайластарын 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді.

Кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. Яғни кәмелетке толмаған баланы жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін ескерту не 10 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

 Сонымен бірге кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 жасқа дейінгі баланы автобустан немесе басқа да қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, – деді Берікбол Ұзақұлы. 

Сондай-ақ 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды. Осылайша шаңырағының шырқын алғандардың «алды – жар, арты – соқпақ» екені заң негізінде нақтыланды.

                                                                                                                                                                                                                                                                           AR-AI ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар