Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АҒЫСҚА ҚАРСЫ ЖҮЗГЕН ҚАҺАРМАН

АҒЫСҚА ҚАРСЫ ЖҮЗГЕН ҚАҺАРМАН
ашық дереккөз
АҒЫСҚА ҚАРСЫ ЖҮЗГЕН ҚАҺАРМАН
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылдың 30 қазанында Сәду Шәкіровке Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Қатардағы жауынгердің айрықша ерлігінің тарихына үңілсек, ол былайша өріледі: 1943 жылдың қазан айының 15-і күні Днепрді жаудан тазарту шайқасында дұшпандардың бет қаратпас қарсылығына төтеп беріп, өзінің бір топ оғыландарымен өзеннің оң жағалауына өтеді. Қолына мықтап ұстаған гранатасы мен қызыл жалауы бар қыран жігіт Сәду Шәкіров дұшпанның траншеясына барысша атылып, ол бекіністі дұшпандардан тазартып, жалауын тігеді. Сәду Шәкіров арынды, ағысты Днепрден үш мәрте кесіп өтіп, оң жаққа зеңбірекшілер мен байланысшыларды аман-есен жеткізеді. 1943 жылдың қазан айының 16-сы күні Днепр өзенінен өту сәтінде оңтүстік-батыс бағытындағы Лоеводағы 138,6 метр биіктікті бағындыруда алдымен жетіп, бес немісті жер жастандырып, ту тіккен. (Герои Советского Союза Казахстанцы. Сборник документов и материалов. Книга первая. Алма-Ата, 1945. Стр. 288-289.) Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіровтың ерлігіне ел сүйсінді. Бұған бір мысал ретінде КСРО Ғылым академиясының қазақстандық филиалының төрағасы, академик Қаныш Сәтбаев 1943 жылдың 28 желтоқсанында Сәду Шәкіровті құттықтап, хат жолдайды. Ол хатында ержүрек, қайсар батырдың қазақ елінің атақ-абыройын аспандатқанын айта келіп ғылым мен мәдениет өкілдерінің ризашылық сезімін жеткізген. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында ерлік- қаһармандық қимылдарымен ерекше көзге түскен қыран мінезді Сәду Шәкіровтің батырлық болмысы осындай. Сәду Шәкіров ҚазПИ түлектерінің ішінен шыққан жеті батырдың бірі. ҚазПИ-дің тарихы - байтақ тарих. Оның тұтас тарихы жасалған жоқ. Кімдер ұйымдастырды, кімдер оқыды, кімдер оқытты, қандай тұлғалар шықты дегендей. Сол тұста Шәкіровтің есімі де оқу орнының мақтанышы ретінде тарихта қалатыны анық.

Серік НЕГИМОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар