Біз осы арнадағы оң тәжірибені, қоғамдық дағдылар мен іскерлікті келесі ұрпаққа беруге күш салып келеміз. Бұл ретте жоспарланатын іс-шаралар дәстүрлі, рухани, отбасылық құндылықтарды, құқықтық сананы, мәдениетті тәрбиелеу мен қалыптастыру процесіне тартылған әртүрлі нысаналы топтарды қамтуда.
Өткен жылдың төртінші тоқсанында кеңестің құрамы толықтай жаңартылып, қазіргі таңда 221 адамды құрады. Оның 31-і – облыстық, 64-і – аудандық және 126 ақсақал ауылдық ақсақалдар кеңесі құрамына кіріп отыр. Кеңес 2024 жылдың бірінші тоқсанында облыстық, аудандық және ауылдық деңгейде 116 іс-шара өткізіп, 7 810 адам қамтылды. Біздің кеңес мүшелері қоғамдық жұмыстарға барынша атсалысып, өнегелі істерімен жас ұрпаққа үлгі болып жүр, – деді А.Сейілханов.
Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жалил Аббосов, облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Хамида Турдыева құнды пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ спикерлер Президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын, ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында алға қойған мақсат пен міндеттерді орындауға күш салатынын жеткізді.
Облыстық «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның география-биология пәнінің мұғалімі Евгений Кравчуктың мерекелік лебізінен Отанға, қазақ халқына деген сүйіспеншілік сезіліп тұрды.
Мерекелік кеш соңында шара қатысушылары аймақ басшысымен естелік суретке түсті.
А.БЕКЕНҚЫЗЫ