Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- author AR-AY
- 26 сәуір, 2024
- 257
Байзақ ауданының прокуратурасы 465 гектар жерді заңсыз беру фактісін және пайдаланылмай жатқан 4 292 гектар жер телімін анықтады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 млн теңгеден асады.
Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде сотқа дейінгі тәртіппен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін толық қайтару қамтамасыз етіліп, ал қалған заңсыз берілген жерлер бойынша сотқа жерді жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.
Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2024 жылғы 13 ақпандағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Бұл жер учаскелері алдағы уақытта шаруа қожалықтарына заңда белгіленген тәртіппен беру арқылы шаруашылық айналымына тартылады.