arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Технологияның тілі зағиптарға да жат емес

Технологияның тілі зағиптарға да жат емес
Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен №2 арнайы зағип және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатында «Кедергісіз келешек» тақырыбында байқау өтті.

Заманауи қоғамда өркениеттен қалмау үшін тың технологияны меңгере білу керек. Бәсекеге қабілеттіліктің индикаторы қазір осы фактордың негізінде бағаланады. Осы орайда оқырмандарды ақпараттық технологияларды игеруге және олармен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 2022 жылдан бастап «Зағип және компьютер» үйірмесі жұмысын бастаған болатын.
Аз уақытта-ақ тиімділігін дәлелдеген үйірмеге қатысып, технологияның тілін меңгерген 4 білім алушы «Кедергісіз келешек» байқауына қатысып, 3 кезең бойынша сынға түсті. 
Қазылар алқасының шешімімен І орынды Айзере Байбосын, ІІ орынды Асхат Байболов иеленді. ІІІ орын Мәншүк Әмірбекке бұйырды. Ал қалған қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар