arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Министрлікте футболға бөлінетін қаржы жоқ – Ермек Мыржақпаев

Министрлікте футболға бөлінетін қаржы жоқ – Ермек Мыржақпаев
Ақмола облысы әкімдігі
Футбол клубтарына бөлінетін қаржы азайған

Бүгін Мәжіліс кулуарында туризм және спорт министрі Ермек Мыржақпаев футболға бөлінетін қаржыға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

«Министрлікте футболға бөлінетін қаражат жоқ. Бүкіл қаражат жергілікті бюджеттен беріледі. Біз сондықтан әкімдіктермен жұмыс істеп жатырмыз. Бұрын футбол клубтарына 5 миллиард теңгеге дейін беріліп келген. Қазір 1,2 миллиардқа дейін азайттық», - дейді министр.

Сонымен қатар ол бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауыспайтынын, Мырзағали Айтжанов жұмысын жалғастыра беретінін жеткізді. Оның келісімшарты келесі жылға дейін жасалған.

Ал Париж Олимпиадасына киетін Қазақстан ұлттық құрамасының формасын Испанияның Joma деген компаниясы тігеді.

«Форманың сапасы өте жоғары болады деп сенеміз. Неге десеңіздер, қаңтар айында үлкен комиссия құрылған. Ол комиссияның құрамында әлем чемпиондары, қоғам белсенділері жиналып, 25 адамнан құралды. Бірінші кезеңде 8 дизайнер қатысып, 6 форманы алып, бірақ дұрыс форма арасында болған жоқ. Сондықтан, екінші кезең болып, онда көрсеткен форма шықты», - дейді министр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар