Қырғызстанда TikTok-қа шектеу қойылды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы қырғыз БАҚ оқырмандары хабарлаған. Пайдаланушылар қолданбаға кірмек болғанда, ол қатып қалады. Кейбір провайдерлер әлеуметтік желіге кіруге әлі тыйым салмағаны белгілі.
Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел территориясында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат келіп түскен.
Шешім шығаруға TikTok тарапынан "Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" ҚР Заңын сақтамау негіз болғаны айтылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында орындықтарын алып тастап адам тасыған автобус анықталды
- авторAR-AY
- 24 ақпан, 2026
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- авторAR-AY
- 24 ақпан, 2026




