Тараз — қолөнершілер қаласы
Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласының "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешенінің алаңында "Тараз – Қолөнершілер қаласы" атты халықаралық қолөнершілер көрмесі өтуде.
Алдымен кәдесый өнімдерін сату жәрмеңкесі өткізіліп, онда тек облыс, қала тұрғындары мен қонақтары ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдер: Бразилия, Нидерланды, Үндістан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Татарстаннан келген қолөнершілерді де өзіндік қайталанбас бұйымдарымен келушілерді таңғалдырды.
Халықаралық көрмеге барлығы 200-ден астам қолөнершілер қатысуда.
Төрт күнге созылған іс – шаралар барысында қонақтар концерттік бағдарлама, театрлық қойылымдар, Тараз қаласы бойынша ақпараттық турды тамашалай алады.
Өңірге тән халықтық көркемөнер кәсібі пен қолөнерді жаңғырту, дамыту, қолөнер нарығын өркендету мен отандық туристік кәдесый өнімдерін дамыту мақсатында қолөнершілердің халықаралық көрмесіне "Тараз қаласында Мәдени мұраны қайта түлету және танымал етудің заманауи үрдістері және қолөнер ісін дамытуды ынталандыру" тақырыбында дөңгелек үстелге қатысады.
Осыған орай, қолөнершілердің халықаралық көрмесінің алғашқы күндерінде "Тараз- Қолөнершілер қаласы" атты балалар сурет байқауы да орын алды. Іс-шараның үшінші күні жеңімпаздар жарияланып, марапатталады.
Келесі мақала