Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Адамзатқа ортақ мәселелер талқыланды

Адамзатқа ортақ мәселелер талқыланды
Жақында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Фара Каримимен кездесті.

Тараптар климаттың өзгеруіне қарсы күрес, трансшекаралық су ресурстарын пайдалану, таза энергияны дамыту және еліміздің саяси өміріндегі әйелдер мен жастардың рөлін ілгерілету мәселелерін талқылады.
Вице-министр Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым саяси диалогке жәрдемдесуде, экологиялық шараларды қоса алғанда, қауіпсіздік шараларын қабылдауда және климаттық дағдарыстың алдын алуда шешуші рөл атқаратынын тілге тиек етті.
– Орталық Азия бұл сынаққа қарсы тұрудың алдыңғы шебінде. Егер біз 2050 жылға қарай жаһандық температураның өсуін 1,5 градусқа дейін сәтті шектесек те, бұл екіталай болып көрінсе де біз 2-ден 2,5 градусқа дейін сезінеміз.
Әрине, климаттың өзгеруі экономиканың барлық секторларына әсер етеді. Ауылшаруашылығы секторы ең осал болып табылады және біз аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қандай үлкен қауіп төніп тұрғанын түсінеміз.
Осы тұрғыда Қазақстан үшін басым міндеттердің бірі – климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған шаралар қабылдау. Ұлттық экологиялық заңнамада бейімделу процесін енгізу үшін біз ең осал төрт секторды анықтадық. Олар – су ресурстары, ауылшаруашылығы, орманшаруашылығы және апат қаупін азайту, – деді М.Ошурбаев. 
Сондай-ақ вице-министр Қазақстан жалпы шараларды күшейту және климат бойынша өңірлік процестің бірлескен тәсілдерін әзірлеу мақсатында 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл өңірдегі климат саласындағы қолданыстағы және жоспарланған бағдарламаларды жүйелеуге, сондай-ақ олардың негізінде климаттық іс-қимылдардың бірлескен тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. 
Өз кезегінде Ф.Карими көрші мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытудағы Қазақстан Республикасының белсенді ұстанымын атап өтті. 
Сапар бағдарламасында Ф.Карими Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелерімен, ҚР Денсаулық сақтау, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің басшылығымен кездесулер өткізді. 
Сондай-ақ Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы мен Халықаралық Аралды құтқару қорының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар