Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жасөркендегі жағдай тұрақты

Жасөркендегі жағдай тұрақты
Ашық дереккөз
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жасөркен ауылындағы судан тазартылған бірқатар аула мен көшелерді аралап, тұрғындардың жай-күйімен танысты.

Қазіргі таңда ауылдағы барлық аулалар, көшелер судан тазартылған. Жарық, газ тұрақты берілуде. Ауылда ауызсудың сапасын тексеру қорытындысы нақтыланғанға дейін тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету ұйымдастырылуда. Уақытша онлайн оқуға көшірілген М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушыларды қабылдауға дайын.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға зардап шеккен аулалардың бәріне қысқа мерзімде тиісті көмектерді көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар ауыл ішіндегі арықтарды тез арада тазалауды міндеттеді.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің шынайы ақпарат беру, көлбеу судың келуін болжай отырып, алдын алу шараларын дер кезінде атқармау, оқиға орнына кешігіп келу секілді сылбыр жұмыстарын сынға алды.

Тиісінше аудан әкіміне қатаң сөгіс, оның салаға жауапты орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, ауыл әкіміне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара тағайындалды.
Жағдай қайталанбас үшін тау бөктерінен Беларық каналына дейін 2,5 шақырымдық дренаж (сыйымдылығы – 1 текше метр) қазылды.

Еске сала кетсек, 2024 жылы 15 сәуір күні кешкі сағат шамамен 20:00-ден кейін толассыз жауын-шашын салдарынан Жамбыл ауданының Жасөркен ауылында көлбеу ағын пайда болып, ауылдағы 30-дан астам үйдің ауласының аумағына, оның ішінде бір тұрғын үй мен қосымша құрылыс нысанына (времянка) су кірген. Оқиға орнында 300-ге жуық адам және 60-қа тарта техника жұмыс істеді. 

Облыс әкімінің 
баспасөз қызметі

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар