Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық полицейлер интернет алаяқтардың жаңа тәсілдерін айтты

Жамбылдық полицейлер интернет алаяқтардың жаңа тәсілдерін айтты
Алаяқтар облыс тұрғандарына шет мемлекетке тіркелген абоннеттермен, ұялы байланыс операторлары ретінде хабарласады

Бүгінгі таңда елімізде интернет алаяқтық деректерінің көбеюі ерекше алаңдаушылық туғызады. Полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында оған қарсы күрес шараларын күшейтуде. Алайда осыған қарамастан, алаяқтардың құрбаны болған азаматтардың саны азаймауда.

Мәселен, алаяқтар облыс тұрғандарына шет мемлекетке тіркелген абоннеттермен, ұялы байланыс операторлары ретінде хабарласып: - «СИМ» картаңыздың мерзімін ұзартқыңыз келеді ме, олай болса, Сізге келген 4 сандық кодты айтыңыз,- дейді.
Одан кейін артынша банктің қызметкері ретінде қоңырау шалып, сіз қазір ғана алаяқтарға 4 сандық кодты айтып қойғаныңызды, есеп шотыңызда күдікті операциялар жүріп жатқанын, оны тоқтату немесе алдын алу үшін ұялы телефоныңызға «ЭНИДЕСК», «РУСТДЕКС» және жаңадан шыққан «КЕНГУРУ», «ПОДДЕРЖКА» қашықтан басқару бағдарламаларын орнатқызады немесе тұрғындардың өздеріне несие рәсімдеткізіп, қаражатын жымқырады.

Осыған байланысты, Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға өз қаражаттарына аса мұқият болып, бөгде адамдарға жеке мәліметтерін бөліспеуді ескертеді. Банк қызметкерлері жеке шотыңыздың, банктік картаңыздың немесе басқа да жинақтарыңыздың құпия санын, кодын ешқашан сұрамайды. 

Егер, Сізге қандай да бір күдікті қоңыраулар түссе полицияның 8-7262-99-74-56 нөміріне қоңырау шалу арқылы мән-жайды хабарлап, құқықтық кеңес сұрай аласыз.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің интернет-алаяқтардан қорғауға арналған "Киберпол" арнайы тобының қызметкерлері міндетті түрде тиісті көмек көрсететін болады.

Қызметкерлер, сонымен қатар алаяқтардың құрбаны болған адамдарға қандай әрекеттер жасау керектігін толығымен түсіндіріп, екінші деңгейдегі банктермен байланысуға және шотты бұғаттауға көмектеседі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар