Осы ретте Талас аудандық құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен мекемеаралық мәжіліс өтті.
Күн тәртібінде соңғы үш айда өткен қылмыстық құқықбұзушылық, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының, отбасы-тұрмыстық салада және кәмелетке толмағандармен жасалатын құқықбұзушылықтардың профилактикасы бойынша уәкелетті органдармен қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі және алдағы уақыттағы міндеттері қаралды.
Аталған жиында А. Тилешов, аудан әкімінің орынбасары А. Абдибекова, аудандық ПБ бастығының бірінші орынбасары М. Қожахметов, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов баяндама жасады. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, атқарылған жұмыстар сараланды.
Ескере кетететін жайт, заңға сәйкес жасөспірімдер құқықбұзушылықтың санаты мен дәрежесіне қарай 14 және 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Ж.Науатов, Талас ауданының прокуроры