Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҮНДЕУГЕ ҮН ҚОСУ - АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

ҮНДЕУГЕ ҮН ҚОСУ - АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
ашық дереккөз
Қазіргі таңда еліміз күрделі кезеңнен өтіп жатыр. Мемлекет басшысы өз үндеуінде, мұндай ахуалдың ұзақ жылдан бері болмағандығын, көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екендігін атап өтті.

Айтып келмес апат халықты тығырыққа тірегені рас. Табиғаттың тосын мінезіне дайын емес халық не істерін білмей, абдырап қалды. Соған қарамастан қиын-қыстау кезеңді еліміз ынтымақтаса отырып, қиын жолдан шығудың жолын жасауда. Зардап шеккен аймақтарда әкімдіктер тынбай жұмыс істеп жатыр. Осы ретте құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымызды айтамыз. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді. Табиғи апат салдарынан зардап шеккен отандастарымызға Алла сабыр берсін, жұрт боп жұмыла жүріп қиындықтан шығайық. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, ағайын!

Зәуреш ҚОЙГЕЛДИЕВА, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар