Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бишімбаев ісіндегі айыптаушының парақшасы фейк пе?

Бишімбаев ісіндегі айыптаушының парақшасы фейк пе?
ашық дереккөз
Бишімбаев ісіндегі айыптаушының парақшасы фейк пе?
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының атынан Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақша пайда болған. Бұл парақшаның Аймағановаға түк қатысы жоқ, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. Прокуратураның мәліметінше, жалған парақшаға 15 000 мыңнан астам қолданушы жазылып үлгерген. Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған. Сондай-ақ,  «Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана" – делінген жазбаны прокуратура жоққа шығарды. «Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз» — делінген хабарламада. Айта кету керек, Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар