Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – ҚОҒАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – ҚОҒАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ
ашық дереккөз
МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – ҚОҒАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ
Мұғалім мәртебесі – мемлекеттің мәртебесі. Мұғaлім берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтейтін шамшырақ секілді. Ғалым да, сөз қонған ақын да, темір балқытқан ұста да, бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Coндықтан парасатты педагогтарға барша адам баласы құрметпен бас иеді.  Қай заманда бoлсын әріп үйретіп, қолға қалам ұстататын жанның қажеттілігі жойылмақ eмес. «Ұстaзсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ‒ ұстаз тұл» деген тәмсіл мәні осыны аңғартады. Қазақтың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлын жауынгерлері ерекше құрметтеп, қадірлеп өткен екен. Себебін сұрағанда бір жауынгер: «Баукең командирмін деп кеуде керген кісі емес, жарты түйір нанның өзін бізбен бөліп жеп, сыз окопта бірге жатты. Елге тәкаппар көрінгенімен жаны таза, мейірімді, адал адам болды. Сондықтан да сыйлаймыз», – деп жауап берген көрінеді. Осы орайда ұзтаздық ұлы жолды таңдаған әріптестеріме «Баланы сүй, жүрек жылуын аяма, шуағыңа шомылдыр. Сонда сол нұрға кейін өзің де бөленесің. Еткен еңбегің, төккен терің сөзсіз ақталады» дегім келеді. Бүгінгі мұғалім жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Педагогтың қоғамдағы мәртебесін арттыру мұғалімнің өз қолында. Ал мұғалімнің мәртебесі артса, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолға қойылады. Шығыс ғұламасы: «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады», – дейді. Олай болса, білімге негізделген инновациялық жетістіктерді елдің даму стратегиясымен сабақтастыратын, әрі оның жүзеге асуына үлкен үлес қосатын ұлы мұғалімдердің қатары көбейе берсін. Сонымен қатар «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануын ұстаздар қауымы үшін тек құрмет қана емес, жаңа міндеттер деп қарауымыз керек. Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

Эльмира БЕКСҰЛТАНОВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша кәсіби даму институтының PhD философия докторы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар