Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік қызметшіде мін болмауы керек

Мемлекеттік қызметшіде мін болмауы керек
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметшіде мін болмауы керек
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Руслан Шариповтың төрағалығымен өткен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Исабековке қатысты тәртіптік іс қаралды. Кеңес хатшылығы Тараз қалалық прокуратурасының ұсынысы негізінде Нұрсұлтан Арқабайұлына қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде 2023 жылы 27 сәуірде құрылыс бөлімі мен «Синдикат Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында мемлекеттік сатып алу туралы жалпы көлемі 17 560 284 теңгеге келісімшарт жасалған. Шартқа тіркелген қосымшаға сәйкес, мердігер иесіз жануарларды уақытша ұстау пунктін салу жұмыстарын жүргізуге міндеттелген. Жұмыс мерзімі актіге қол қойылғаннан кейін 1,5 ай болып белгіленген. Сәйкесінше аталған жұмыс былтыр 20 маусымда басталып, 4 тамызда аяқталуы қажет болған. Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмай, 28 желтоқсанда бөлім тарапынан мердігермен қосымша келісімшарт жасалып, сомасы 39 088 675 теңгеге ұлғайған. Сол күні Нұрсұлтан Исабеков шартта көзделген жұмыстарды қабылдау актісіне қол қойып, қаражат мердігердің есепшотына толығымен аударылған. Биыл 26 қаңтарда қалалық прокуратура мен облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері шартта көзделген атқарылған жұмыстарға визуалды қарау жүргізу барысында иесіз жануарларды уақытша ұстау пунктін салу жұмыстары аяқталмағандығын анықтап, тиісті акт жасаған. Бұл ретте орындалмаған жұмыстардың құны 19 949 159 теңгені құрайды. Бүгінде аталған нысанның құрылысы аяқталған. Алайда атқарылмаған жұмысқа қаражатты алдын ала аударып жіберген бөлім басшысының ісін қараған Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Исабековке қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Кеңесте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Жамбыл ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдері Мұрат Мұхаметрахимов пен Тимур Тұрсынбековтің 2023 жылы және жыл басынан бері атқарылған жұмыстарының қорытындылары қаралды. Ал Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев бірыңғай тәртіптік комиссияның атқарған жұмысы туралы есеп берді. Айтуынша, былтыр ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметшілеріне 58 тәртіптік жаза қолданылып, көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 44,8 пайызға өскен. Кеңесте жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындаулардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне, мемлекеттік қызметшілерді негізсіз үстеме жұмыстарға тарту мәселесіне жүргізілген талдаулардың нәтижелері де қаралды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуат Мәдиевтің хабарлауынша, өткен жылы және жыл басынан бері 891 қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындалғаны анықталған. Конкурстық рәсімдерді өткізу шеңберінде 521 қызметші тағайындалған болса, 125-і ауыстыру тәртібімен, 201-і басқару құрылымының өзгеруі, 10-ы уәкілетті органмен келісім беру бойынша, 21-і сайлау нәтижесінде тағайындалған. Сондай-ақ 10 қызметші лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалған, екеуі атқаратын қызметінен төмендеу бойынша және біреуі сот арқылы лауазымына қайта орналасқан. Кеңес мүшелерін мемлекеттік қызметшілерді негізсіз үстеме жұмыстарға тарту мәселесіне жүргізілген талдау нәтижелерімен басқарманың бас маманы Жарқын Тамаев таныстырды. Жиында Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар