Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
ашық дереккөз
1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
1 мамырдан бастап елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға «Отбасы банкімен» бірлесіп 300 миллиард теңге бөлінбек. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. Бағдарламаның барлық шарттары 1 мамырда жарияланбақ. Жоспар бойынша бірінші кезекте 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтылады. – Менің ойымша, министрлік қызметкерлері мен «Отбасы банк» өкілдері бірлесіп қазақстандықтарға бағдарламаның шаттары туралы толық ақпарат беретін баспасөз-мәслихатын өткізеді. "Отбасы банк" бұрыннан бері жұмыс істейді әрі оның жұмысты дұрыс үйлестіруге құзыреті жетеді. Сондықтан, жаңа бағдарламада жеңілдетілген несиеге автокөлік алу бағдарламасы сияқты мәселе туындамайды, – дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар