Жаңалықтар
Блогер Мөлдір Анарбаева су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жібереді
- author AR-AY
- 1 сәуір, 2024
- 291
Блогер Мөлдір Анарбаева су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жібереді
Тараздық журналист, блогер Мөлдір Анарбаева су тасқынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жібереді. Игі іс-шараға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік танытқан, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Мөлдір Анарбаеваның айтуынша, қайырымдылық шараға Тараз қаласының белгілі кәсіпкерлерімен қарапайым халық та ат салысып жатыр.
– Қазір Тараз қаласында арнайы Ақтөбеге жөнелгелі тұрған жүк көліктері бар. Олар «Ауыл-береке» базарында, 8-ықшам аудандағы «Фиркан» мен «Скиф» және Киров базарының маңында тұр. Бүгін біздің біршама кәсіпкер қыз-жігіттер сол көліктерге керек-жарақ, азық-түлік тиеді. Бірсігүні олар жолға шығады. Апарып берсеңіздер үлгересіздер, – деді ол.
Сонымен қатар блогер өзінің әлеуметтік парақшасында қайырымды іске атсалысқан кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына алғысын білдірді.
«Бұл әрине көп емес, мақтаныш та емес. Біз ниеттендік. Біз құр алақан отырғанды жөн көрмедік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Абайлаңыздар!», – деді Мөлдір Анарбаева.
Келесі мақала