Жаңалықтар
Таразда 18 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды
- author AR-AY
- 29 наурыз, 2024
- 292
Таразда 18 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды
Тараз қаласында 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті.
Жамбыл облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған. Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген департамент таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Таразда жолаушылар автобусының өртенгені туралы жазған болатынбыз.
Келесі мақала