Сондай-ақ азаматтар тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінде, заңды тұлғаның атауында және өздеріне немесе кәмелетке толмаған балаларына қатысты тіркелген азаматтық хал актілеріндегі қате мәліметтерді анықтаған жағдайда «Электрондық үкімет» порталы болмаса «eGovmobile» арқылы мәліметтерді өзектендіру үшін сұраныс бере алады. 2024 жылдың 1 шілдесінен жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты және жер телімінің сәйкестендіру құжаты біріңғай «кадастрлық паспортқа» алмастырылды. Өткен жылдың 11 сәуірінен бастап азаматтарға бейне қоңырау арқылы онлайн форматта «Цифрлық нотариаттық сенімхаттарды» ресімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба басталды.
Облыс бойынша 210 сенімхат берілді. Егер бұрын сенімхатты ресімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға «eGovмobile» арқылы қолжетімді болады. Ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшаларда да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» деп аталатын онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейне байланысы арқылы рәсімделеді. Бұл қызметті кез келген нотариус өтініш берген сәтте еркін көрсете алады. Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органдарда немесе талап ету орны бойынша қағаз аналогымен теңестіруге болады. Онлайн кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады. Нотариустар нотариат саласы бойынша кез келген сұрақтарға жауап береді.
Бұл уақытты үнемдеуге және уақытылы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты – нотариаттық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыру. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша департамент 145 адвокатпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету туралы келісім жасады. Сонымен қатар «005» бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде соттар, тергеу және анықтау органдары 8 130 қаулы шығарды. Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны – 14 572. Облыста 15 мемлекеттік сот орындаушысы, 93 жеке сот орындаушысы өз қызметін жүзеге асыруда. Алимент өндіріп алу туралы барлық проблемалық атқарушылық іс жүргізулер бойынша сот орындаушылар мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдайды. Облыс бойынша сот орындаушыларының орындауындағы 16 361 алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардың ішінде 7 879 атқарушылық құжат мерзімді орындауда. 8 069 борышкер өз еркімен төлеп жатыр, ал алимент бойынша берешегі үш айдан (алайда ішінара төлем жасалуда) астам 302 атқарушылық құжат бар, 111 проблемалық алимент бойынша берешек 134 962 683 теңгені құрайды.
Жалпы мемлекеттік қызметшілер билік пен халық арасын байланыстыратын көпір. Сондықтан да мемлекеттік қызметшінің бойында жауапкершілік, кәсіби білім, әділдік, адалдық сияқты қасиеттер болуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыруда Әдеп жөніндегі кеңестің орны ерекше. Кеңес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алу, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарын қарауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, кеңес мүшелері әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарап, тәртіптік комиссиялардың жұмысын үйлестіреді.
Нұрғали АНДАСОВ, облыстық әділет
департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі