Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНУ МАҢЫЗДЫ

МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНУ МАҢЫЗДЫ
ашық дереккөз
МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНУ МАҢЫЗДЫ
Жуырда облыстық кәсіпкерлер палатасының және Жамбыл, Байзақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлердің, бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Басқосуға Жамбыл ауданы бойынша – 120, Байзақ ауданынан 150 кәсіпкер қатысты.  Жиында облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев, экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Абдықадыров, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Оспанов, сондай-ақ Байзақ және Жамбыл аудандық филиалдарының басшылары Нұрбол Қуанышбеков пен Жамбыл Бисмаков өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, ауылшаруашылығын және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайында пайдалы ақпараттармен бөлісті. Спикерлер шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау, кәсіп иелерінің біліктілігін арттыру бойынша кеңінен әңгіме өрбітіп, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында шешілмей жүрген проблемалық сұрақтарды талқылады. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының мамандары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының және «BNK Leasing» серіктестігінің өкілдері кәсіпкерлерге тиімді несие, лизингке техника алу жолдарын түсіндірді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар