«Борышкер» атты науқан өткізілуде
Тараз станциясындағы ЖПб-нің қызметкерлерімен 26-30 наурыз аралығында «Борышкер» атты науқан өткізілуде.
Акцияның басты мақсаты – мемлекетке айыппұл берешегі бар және айыппұл төлемдерді уақытылы төлемеген азаматтарға ескерту жұмыстарын жүргізу, және мәжбүрлеп өндіру үшін, жеке тұлғаның жұмыс орындарына және жеке сот орындаушыларға қаулы жолдау болып табылады.
Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері тұрғындарға егер де әкімшілік құқық бұзушылық жасап, хаттама толтырған жағдайда оны 7 тәулік ішінде төлесе 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік барын ескертеді. 7 тәулік ішінде төлей алмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарылып , 100% төлеу міндеттеледі. Қаулы шыққан күннен бастап, 30 күн ішінде айыппұл ерікті түрде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындары мен сот орындаушыларға жолданатындығын хабарлайды.
Келесі мақала