Қала күніне орай Тараз қаласының Қарасай батыр елді мекенінде ауыл жастары арасында футбол ойынынан жарыс өтті.
Жалпы ауыл жастары арасында ұйымдастырылған командалық жарысқа, әрбір командада жеті адамнан тұратын 6 топ өзара жарысқа түсті.
Нәтижесінде айқын басымдықпен ала доптан алдына қара салмай, қатарластарынан қара үзіп келген «Сахзавод»командасы |-орынды қанжығасына байласа, ||-орынға «Карасай батыр»командасы болды. Ал |||-орынды «Барысхан» командасының жігіттері еншіледі.
– Біз қалалық спорт орталығы тарапынан бұқаралық іс-шараларды өткізу мақсатында әр ауылда осындай ойындар өткізіп тұрамыз. Қазіргі таңда ауылдық елді мекендердің де өз стадиондары бар, спортпен айналысуына барынша мүмкіндік қарастырылған. Жастар өз уақытын тиымды пайдаланып, осындай іс шараға белсене қатысуы керек. Мұндай ойындар жастарды жігерлендіріп ғана қоймай, қайта олардың арасындағы ауызбіршіліктің нығаюына да өз әсерін тигізеді, – дейді Қарасай футбол алаңшасының нұсқаушысы Ғалымжан Наурызбай.