Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шаштарын бес күн тарап, он күн өрген...

Шаштарын бес күн тарап, он күн өрген...
Ашық дереккөз
«Қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу.

Осы орайда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұлттық құндылықтарды насихаттап, оқушылардың ұлттық сана-сезімінің көкжиегін кеңейту мақсатында облыс әкімдігі білім басқармасының және республикалық «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» облыстық байқауы өтті. Байқауға қатысқан 11 бұрымды арудың бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, кәсіпкер Меруерт Лештаева, «Рысбаева және Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сәуле Рысбаева, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгсінің иегері Ерсін Қалыбаева бағалады.

Сұлулар сынын республикалық «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Гульфаируз Нұрабаева ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы байқау үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде үміткер өзін таныстырды және шашының күтімі жайлы қысқаша баяндады. Екінші кезеңде шаш үлгісін көрсетті. Үшінші кезеңде үміткерлерге қазақ салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтар қойылды.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені шашы тобықтан асқан сұлу әрі ойы ұшқыр ару – Жамбыл ауданы, А.Макаренко атындағы орта мектептің оқушысы Айымжан Есіркен жеңіп алды. Ал бірінші орынды мінезі ақылына сай Байзақ ауданы, Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Мадина Мырзатай еншіледі. Екінші орын Жуалы ауданы, М.Жұмабаев атындағы №29 орта мектептің оқушысы Аяулым Байжанға, үшінші орын Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Аяулым Желдібекке бұйырды.

Эльмира Байназарова 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар