Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
ашық дереккөз
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы есебін тыңдады. Облыстағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы жол саласына 16,2 миллиард теңге қарастырылған (оның ішінде 8,3 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен). Бөлінген қаржылар есебінен облыс орталығындағы 9,4 шақырым жолды қайта жаңғыртуға және жалпы 605,2 шақырымды құрайтын облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін орташа жөндеумен қамтуға бағытталады. Облыста жолдарды жөндеу бойынша барлығы 252 жоба жоспарланған десек, олар негізінен «Нұрлы жол», «Ауыл – ел бесігі», «Өңірлерді дамыту –2025» мемлекеттік бағдарламалары және жергілікті бюджеттер шеңберінде жүзеге аспақ. – Өкінішке қарай, бір жолды жөндегеннен кейін келесі жылы сол бөлікті тағы да жаңалауға тура келіп жатады. Бұл жол жөндеушілерінің сапасыз жұмыстарының көрінісі. Мұндай тәжірибені тоқтататын кез келді, – деді аймақ басшысы. 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар 1220 шақырым жолды орташа жөндеумен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ жиында қоғамдық көлік саласына да көңіл бөлінді. Өңірде 165 автобус маршруттары ұйымдастырылған, оның 19-ы облысаралық, 25-і ауданаралық, 75-і ауданішілік және ауылішілік, 42-сі қалалық бағыттар. Бұл бағыттарда 1004 автобус қызмет көрсетеді. Жалпы, облыс бойынша 57 әлеуметтік маңызы бар маршруттарға қызмет көрсетуге 782 миллион теңге қарастырылған. – Облыс халқының басым бөлігі шоғырланған Тараз қаласындағы автопарктер 2025 жылға дейін жыл сайын 50 жаңа автобус сатып алуды қарастырып отыр. Бұл жұмыстарды жеделдетіп, алдағы бір-екі жылда автопарктерді барынша жаңарту керек. Сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің мәселелерін жедел шешу, талаптар мен стандарттарға сәйкестендіру қажет. Бұдан бөлек, бізге жаңа әуе бағыттарын ашуға тырысу керек, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар