Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КӘСІП АЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК

КӘСІП АЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК
ашық дереккөз
КӘСІП АЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК
Түрлі ауруларға дауа боларлық табиғи өнімнің бірі – минералды су. Тараз қаласында шөлмектегі лимонадтар мен басқа да түрлі сусындарды сауданың көтерме және бөлшек түрімен жұртшылыққа ұсынатын өндіріс орнының бірі – «BDA trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2020 жылдан бері ырғақты жұмыс істеп келе жатқан компания алдағы уақытта кәсіп аясын кеңейтуді көздеп отыр. Осы мақсатта серіктестік басшысы Ілімдар Тұранов айналым қаражатын толықтыру жолымен бизнесін ұлғайтуға шешім қабылдайды. Осылайша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалына хабарласып, несие алу бойынша барлық қажетті ақпаратты алады. Артынша кәсіпкер құжаттарын «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының облыстық филиалына тапсырады. Банк өтінімді қарағаннан кейін несие мақұлданыпты. Жобаны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның екінші бағыты шеңберінде субсидиялау құралдары бойынша қолдапты. Бұл қолдау кәсіпкердің несие алу арқылы өнім өндірісін ұлғайтуына және нарықты сусындардың жаңа және сапалы түрлерімен толықтыруына мүмкіндік берді. Н.БОЛАТҰЛЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар