Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

РОБОТОТЕХНИКА дамуға жол ашады

РОБОТОТЕХНИКА дамуға жол ашады
ашық дереккөз
РОБОТОТЕХНИКА дамуға жол ашады
Бүгінде оқушыларға ғылыми-техникалық білім берудің өзекті бір бағыты – робототехника. Робототехника оқушыларға XXI ғасырдың жаңа технологиялық жетісіктерімен танысуға, IT-технологияларды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Жуырда Тараз қаласындағы Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының спорт кешенінде «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионаты өтті. Білім бәсекесінің облыстық кезеңінде Ыбырайым Сүлейменов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары Тұрар Бекасыл мен Арайлым Мейрамқұл III орынға ие болды. Чемпионаттың мақсаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Сондай-ақ жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал етуге көңіл бөлінуде. Жарыс барысында оқушылар роботтар жасап, оған белгілі бір мақсат қояды. Мәселен, бір объектіні табу, бір сызықтың бойымен жүру, бұрылу, қарсы шабуыл жасау. Алдағы уақытта шәкірттеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, биіктерден көрінетініне сенемін. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек ету, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта тиімді пайдалану үлкен табыстарға қол жеткізері сөзсіз. Гүлайым ТАШИКОВА, Ы.Сүлейменов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі, Сарысу ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар