Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда әкімдік үш жылдан бері инвесторға бос жатқан егіс алқабын бермей келген

Жамбылда әкімдік үш жылдан бері инвесторға бос жатқан егіс алқабын бермей келген
ашық дереккөз
Жамбылда әкімдік үш жылдан бері инвесторға бос жатқан егіс алқабын бермей келген
Жамбыл облысының Байзақ ауданында сүт өнімдерін өндіру және өңдеу, сондай-ақ ірі қара малын күтіп-бағу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр.  «Нұрлы-жай» шаруа қожалығы жобаға 400 млн теңгеге жуық инвестиция салған және облыстағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі. Алайда инвестор үш жылдан астам уақыт бойы инвестициялық жобаны одан әрі жүзеге асыру үшін жергілікті әкімдіктен егіс алқабын ала алмаған. Жергілікті атқарушы орган бос жердің жоқтығын айтып сылтауратқан. Қадағалау барысында прокурорлар осы ауданда аумағы 182 га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы учаскесін анықтап, мемлекетке қайтарды. Прокуратураның көмегімен бұл жер учаскесі инвесторға бір ай ішінде берілді.
Бөлінген жер инвестициялық жобаны дамытуға пайдаланылады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар