Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

InDrive жүргізушілерінің демалыс уақыты реттеле ме

InDrive жүргізушілерінің демалыс уақыты реттеле ме
ашық дереккөз
InDrive жүргізушілерінің демалыс уақыты реттеле ме
Көлік министрлігі басшылығы таксиге тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшалар операторларымен жиі кездесіп, тасымалдау бойынша мәселелерді бірлесе шешуге ниетті.  Өткен айда Көлік министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен «Яндекс» және inDrive өкілдерімен кездесу өткен болатын. Кеңес барысында такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама нормаларын сақтауын қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалы қауіпсіздігі бойынша ішкі корпоративтік талаптарды енгізу қажеттілігіне қатысты мәселелер көтерілген еді.
Кеңес қорытындысы бойынша таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшалары операторларының өкілдеріне автомобильмен жолаушыларды тасымалдау саласының проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар енгізу ұсынылды. Жуырда көлік вице-министрі М.Қалиақпаровтың төрағалығымен inDrive сервис операторының өкілдерімен кездесу өтті. Кеңес барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың жағымсыз тұстарын көрсете отырып, жол-көлік апаттары бойынша статистика көпшілік назарына шығарылды. Осыған байланысты компанияға жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтау бойынша талаптарды күшейту ұсынылды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша мобильдік қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды кезең-кезеңімен қабылдауына бағытталған Көлік министрлігі мен inDrive операторы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасу қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта аталған меморандумның жобасы әзірленіп жатыр.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар