Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысындағы мектептерге 14 жаңа автобус берілді

Жамбыл облысындағы мектептерге 14 жаңа автобус берілді
ашық дереккөз
Жамбыл облысындағы мектептерге 14 жаңа автобус берілді
Жамбыл облысындағы білім беру ошақтарына жаңа автобустар берілді. Оқушыларды 14 жаңа автобус тасымалдайтын болады, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі. Балалар игілігіне беріліп жатқан жаңа автобустардың кілтін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының білім бөлімі мен аймақтағы алты аудан, дәлірек айтқанда, Шу, Жамбыл, Жуалы, Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарының білім бөлімдеріне көлік кілттерін өзі табыстады.
«Республикалық бюджеттен лизингке алынған 14 автобустың төртеуі 22 балаға арналған, он автобус 38 орынға арналған. Автобустардың жалпы құны – 645 600 000 теңге»- деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында өңірде мектебі жоқ 39 елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы 923 бала, тек бастауыш мектептері бар 35 елді мекендерден 1 465 бала, негізгі мектептері бар 10 елді мекендерден 201 бала және ауыл, қала ішінде 4 949 бала, барлығы 7 538 бала мектептерге және кері қарай күнделікті автобуспен тасымалданады. Облыс бойынша оқушыларды күнделікті тасымалдайтын автобустар саны 110 дана.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар