Аталған құжатта: «Өткен онжылдықта Қазақстанның экономикалық өсуі жаһандық экологиялық факторлармен бірге экологиялық сын-қатерлерді күшейткен қоршаған ортаның жай-күйіне елеулі әсер етумен қатар жүрді. Динамиканың төмендеуіне қарамастан, Қазақстан парниктік газдар шығарындыларының көлемі бойынша топ-20 елдің қатарына кіреді және ауадағы зиянды бөлшектер деңгейі бойынша «ең ластанған» елдер рейтингінде 40-орында тұр.
Жыл сайын елімізде ауаның ластануы 10 мыңнан астам адамның мезгілсіз өліміне әкеліп соғады және Дүниежүзілік банктің зерттеулері бойынша, Қазақстан экономикасына 10,5 миллиард АҚШ долларынан аса қаржылай шығынға ұшыратады. Соңғы жылдары Қазақстанда басталған тұрақты даму мен «жасыл» экономикаға белсенді көшу осы сын-қатерлерді шешуге арналған.
Еліміз Париж келісімі бойынша өзінің міндеттемелерін растай отырып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі өршіл мақсаттарды жариялады», деп атап көрсетілген. Қазақстанда орта және ұзақмерзімді перспективадағы маңызды сын-қатерлердің бірі – су ресурстарына жоғары жүктеме болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы климаттың өзгеруі нәтижесінде 2040 жылға қарай елімізде тұщы су тапшылығы 50 пайызға жетеді деп болжап отыр. Негізгі факторлардың бірі – су тиімділігінің төмендігі. Судың негізгі тұтынушысы саналатын ауылшаруашылығында судың меншікті шығыны климаттық-салыстырмалы елдер деңгейінен 2-3 есе жоғары. Ал су шығыны ауылшаруашылығы әлеуетінің толық игерілуін тежейді.
Ақтоты Жаңабай
«Ecoqoldau» жүйесі іске қосылды
Ұқсас жаңалықтар
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады
- авторAR-AY
- 14 қараша, 2024