Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Достықтың дәнекері – «DOSBOL LIKE»

Достықтың дәнекері – «DOSBOL LIKE»
ашық дереккөз
Достықтың дәнекері – «DOSBOL LIKE»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында спортпен тұрақты түрде айналысу – ұлт денсаулығының ажырамас бөлігі екенін атап көрсеткен. Сондай-ақ спорт – патриоттық сезімді оятып, тәуелсіз елімізге деген сүйіспеншілікті бекемдейтін басты құралдың бірі. Осыған орай Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде студенттердің қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқытушылар мен қызметкерлер арасында «DOSBOL LIKE» спартакиадасы ұйымдастырылды. Бұл спартакиада бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында және қызметкерлер арасында позитивті қарым-қатынастармен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында өткізілуде. Бүгінгі спартакиада оқытушылар мен қызметкерлер арасынан жасақталған 10 команда волейбол, арқан тарту, қол күресі, үстел теннисі, тоғызқұмалақ сынды спорттың бес түрінен қатысты. Спартакиадаға қатысушы командалар жеңіске деген жігерлілікпен, құштарлықпен, сондай-ақ ынтымақтастық рухпен дайындалып келіпті. Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша командалық есепте «Қыран» командасы III орынды місе тұтса, ал тұғырдың екінші сатысына «ІТ» командасы көтерілді. Ал «Механик» командасы жеңімпаз атанды. Колледждің кәсіподақ ұйымы атынан жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтар беріліп, дипломдармен және ауыспалы кубокпен марапатталды.

Бақыт СЕЙІТОВА, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің дене тәрбиесі ЦӘК төрайымы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар