Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

"Kinder" қауіпті ме?

"Kinder" қауіпті ме?
Ашық дереккөз
Қазнетте «Kinder» сауда маркасының өнімдерін балаларға беруге болмайды деген ақпарат тарады. Оның құрамында ісіктер тудыратын минералды майлар көп екен. Бұл рас па? Анықтап көрейік.

Бұл ақпарат қазақстандық әлеуметтік желілерге интернеттің орыстілді сегментінен келген. Видеоны Наталья Гусарова өзінің «Instagram»-дағы парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, минералды майлар май тінінде, бауырда, көкбауырда және лимфа түйіндерінде жиналып, ісіктердің пайда болуына әкеледі. Бұл туралы ол Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының зерттеулерінен білген. 2016 жылы аталған тәуелсіз ұйымның неміс тобы 20 шоколад пен чипстердегі минералды майларды тексерген.

Олардың қатарында «Kinder» де болған. Айта кетейік, барлық өнімдері емес, тек бір ғана бөлігі. Талдаулар шоколадты тағамда ХКММ (хош иісті көмірсутекті минералды май) және MOSH (қаныққан көмірсутекті минералды май) бар екенін көрсетті. Неміс кондитерлік агенттігі қауымдастығының (BDSI) өкілдері май өндіріс процесінің жанама өнімі екенін түсіндірді. Кейде ол дайын өнімде де болады. «Kinder» өнімдерін қорықпай тұтынуға болады.

Өз кезегінде «Kinder» брендіне иелік ететін «Ferrero» компаниясы азық-түлік өнімдерінде минералды майлардың (MOSH/ ХКММ) болуы бұрыннан талқыланып жатқанын айтты. Бірақ олардың іздері барлық жерде, соның ішінде қоршаған ортада да бар. Мысалы, минералды майлар қаптамадағы типографиялық бояуда болады. «Ferrero» өнімдерге минералды майлардың түсуін азайтуға тырысады, олардың барлығы тамақ қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді.

Үнді диетологы Римджим Шаранның айтуынша, шоколадта минералды майлар болса, оның мөлшері аз болады. Бұл балалардың денсаулығына қауіп төндірмейді. Тамақ, дәрі-дәрмек және косметика дайындау үшін жоғары тазартылған минералды майлар бұрыннан қолданылып келеді. Оларды витаминдерге, ауырсынуды басатын дәрілерге, пісірілген өнімдерге және ұзақ сақтау үшін консервілерге қосады.

2023 жылдың қыркүйегінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және азық-түлік қауіпсіздігі журналында адам тіндерінде MOSH қандай мөлшерде жиналатыны туралы ғылыми мақала жарияланды. Биопсия мен мәйітті тексеру деректері қайта талданды. Зерттеушілер 1990 жылдан бері адам тіндеріндегі минералды майдың қаныққан көмірсутектерінің деңгейі төмендеді деген қорытындыға келді. Бұл MOSH-ты азық-түлік пен тамақ өнеркәсібінде аз қолдануға байланысты болған.

Тек ерінге арналған далап пен ерінге жағатын өнімдер ғана алаңдаушылық туғызды, өйткені олар ағзаға енеді. «Kinder» өнімдеріндегі минералды майлар тексерілгелі 7 жыл өтті. Балаларға арналған барлық шоколадтар дүкендерде сатылуда. Денсаулыққа зиян келтіретіні туралы тұжырымдарды растайтын бірде-бір зерттеу жоқ.

Ж.Бақытбекұлы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар