Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті

Пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті
Ашық дереккөз
Жақында Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы Тараз қалалық пробация қызметімен бірлесе орталықтың «Coworking» залында «Жастар арасындағы қылмыс» тақырыбында пробация есебінде тұрған жастармен кездесу өткізілді.

Жиынға Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры Аслан Рахымбайұлы, Тараз қаласы 3 пробациялық қызмет бөлімінің бастығы Әлихан Хасенов және қалалық пробация бойынша мансап орталығының қызметкері Мұрат Амреев қатысты. Іс-шара барысында пробация қызметі мен жастар ресустық орталығының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалатын жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеу, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмектер көрсету мен өзге де мәселелер қаралды.

Пробация – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша, есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып атқарылатын қызмет түрі.

Азаматтардың қылмыстық сот төрелігіне түсуін, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасалған, жаңа Қылмыстық кодексте бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату уақыттары азайтылды, – дейді

Тараз қаласы 3 пробациялық қызмет бөлімінің бастығы Әлихан Хасенов. Реті келгенде айта кетсек, Қазақстан – ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел. Елімізде түрмеден шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге де міндеттер жатады.

Ақтоты Жаңабай 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар