Олжас Бектенов – Үкімет басшысы
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кандидатураны әуелі «Amanat» партиясы ұсынғанын және аталған ұсыныспен келіскенін айтты.
Олжас Бектенов – тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Оны Қазақстан экономикасы және басқа да салалары бойынша білім мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәртіпті, адал, еңбекқор азамат. Сондықтан ел экономикасының алдында тұрған мақсатты жүзеге асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын. Сіздер келісім берген жағдайда, Үкіметтің жаңа құрамы табыстағанымызды сақтай отырып, Қазақстанды сапалы даму жолына шығару үшін бар күш-жігерін салады деп сенемін. Ертең Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді. Сол кезде жаңа құрамның алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталамын. Енді ұсынылған кандидатура бойынша пікірлеріңізді айтып, дауыс берсеңіздер, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.Пленарлық отырыста қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракциялары талқылап, бірауыздан шешім қабылдады. Айта кетейік, Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. 2019-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. 2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болды.
Келесі мақала
Су жаңа Премьер-министр батыл қадамдар жасайтынын айтты
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Мемлекет басшысы Үндістан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- авторAR-AY
- 16 тамыз, 2024