Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Оңайлатылған іс жүргізу» пилоттық жобасы

«Оңайлатылған іс жүргізу» пилоттық жобасы
ашық дереккөз
«Оңайлатылған іс жүргізу» пилоттық жобасы
Тараз қаласының аумағында 2024 жылдың қаңтар айының 22-нен бастап атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі шеңберінде (бұдан әрі – АІЖ ААЖ) оңайлатылған іс жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды. Оңайлатылған іс жүргізу қозғалған сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде 10 АЕК дейін әкімшілік айыппұлды өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлемей, атқарушылық құжат бойынша берешекті төлеуді көздейді. Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінен атқарушылық құжатты алған кезде АІЖ ААЖ-дан Мобильді азаматтар базасына борышкердің ұялы телефон номерін алу үшін сұрау салу жіберіледі. Мобильді азаматтар базасында борышкердің ұялы телефон нөмірі болған кезде АІЖ ААЖ-да оңайлатылған іс жүргізу қозғалады және ұялы байланыс арқылы оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы қаулыны жүктеу үшін сілтемесі бар оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы хабарлама жіберіледі. Оңайлатылған іс жүргізу қозғалған сәттен бастап күнтізбелік 5 күн  аралығында төленбеген жағдайда, атқарушылық құжат сот орындаушыларына автоматты түрде бөлуге беріледі.

Б.Байузаков,

Атқарушылық  өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар