Жаңалықтар
Тараздық студент Ұлттық қордан түскен ақшаны бірінші болып пайдаланды
- author AR-AY
- 1 ақпан, 2024
- 750
Тараздық студент Ұлттық қордан түскен ақшаны бірінші болып пайдаланды
18 жастағы Диас Болат БЖЗҚ-дан өз жинақтарын алу үшін елімізде ең бірінші болып шот ашты. Ол қордан түскен қаржысын Отбасы банкіне депозитке салып, үй алуға ақша жинауды жоспарлап отыр.
Ал шымкенттік 18 жастағы Дастан Ахмет enpf-otbasy.kz платформасынан шот ашып қана қоймай, БЖЗҚ-дан жинаған ақшасын сұрап та үлгерген. «Отбасы банкіндегі» шотына қаражат аударылған бойда ол оқу ақысының бір бөлігін төлей алады. Болашақ ІТ маманы ақылы бөлімде білім алуда.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қорда жиналған ақшасын пайдалана алады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024