1-сынып оқушыларына қосымша демалыс берілді
Ел мектептерінде 1-сынып оқушыларына қосымша демалыс беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Еліміздің мектептерінде 2024 жылдың 8 қаңтарынан бастап 10 оқу аптасынан тұратын 3-тоқсан басталды.
1-сынып оқушыларына 2024 жылдың 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алып жатыр. Оның ішінде 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Елімізде 2025 жылдың басынан бері 91 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
- авторAR-AY
- 8 желтоқсан, 2025




