Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Қолөнер – мол өнер»

«Қолөнер – мол өнер»
ашық дереккөз
«Қолөнер – мол өнер»
Орта Азия халықтарының киім киюінде, оның тігісі мен өрнектерінде санғасырлық тарих бар. Киімінен мәдениеті, дәстүрі, талғамы мен тәрбиесі ерекше көрініп тұратын халықтың бірі – өзбектер. Осы орайда «Анаға тағзым» орталығында «Қолөнер – мол өнер» атты облыстық ҚХА Аналар кеңесі жобасы аясында қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің аналар кеңесі «Бойтұмар» шеберлер клубының тігіншілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара барысында Сабохат Худайбергенова бастаған аналар кеңесінің шебер өкілдері ерлер мен келіндер күнделікті және тойға киетін киімдерінің тігілу техникасын көрсетті. Этностық ерекшелікті айшықтайтын ою-өрнектерімен таныстырды. Өзбек аналары киімнің пішілу жолдары, заманауи тігін тігу ерекшеліктері туралы тігіншілерге толыққанды ақпарат берді. Өзбектердің дәстүрлі киімдері негізінен көйлек, шапан, орамал және этикадан тұрады. Ал олардың заманауи хит-сарпасы (ұлттық шапандары) қазіргі таңда заманауи үлгіде, әсіресе еуропалық киімдердің ағынымен сипатталады. Жиын барысында сөз сөйлеген «Анаға тағзым» орталығының басшысы, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің басшысы Эльмира Мырза-Ғали әр ай сайын түрлі этномәдени бірлестік аналарының шеберлік сыныбы дәстүрлі түрде өз жалғасын табатынын атап өтті. Тігін тігіп, ою ойған қыз-келіншектер әсем әуен, әсерлі әңгіме айтып, шеберлік сыныбының шырайын келтірді. Аналар айтқан ақыл мен келісті кеңестер, терең тәжірибелер «бойтұмарлық» тігіншілердің қабілетін тыңайтты.

«Анаға тағзым» орталығының ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар